«Менің полициям» байқауына қатысушы Бақдаулет

Түлкібас ауданы Ғ.Мұратбаев атындағы жалпы орта мектебінің 4-сынып оқушысы Молдабек Бақдаулет Нұрланұлы шығармашылыққа бейімболғандықтан, ҚР ІІМ ұйымдастырған «Менің полициям» байқауына «Үздік эссе» номинациясы үшін арнайы шығарма жазды.

«Менің анам полицей» деп басталатын шығармада бала Бақдәулет, полицейлер туралы ішкі ойын қағаз бетіне түсіріп, олардың жұмысын жоғары бағалайтынын көрсетеді. Анасының төтенше жағдай режимі кездерінде де блок-бекеттерде күні-түні қызмет еткенін, сол үшін де анасымен мақтанатынын жеткізді. Сонымен қатар Бақдәулет өскенде полиция қызметкері болғысы келеді.