2,5 млн теңгенің мотор майын ұрлау дерегі бойынша 4 адам ұсталды

Мотор майын

Мотор майын ұрлау дерегі ашылды. Орын алған осы қылмыс туралы  Шу ауданының полиция бөліміне  ірі компаниялардың бірінің өкілдері хабарласқан.

Іске қатысы бар тұлғалардың  айтуынша, олар түннің  қараңғылығын пайдаланып, ұрлық жасау мақсатында кәсіпорынның қоймасына жасырын кіріп, «Газель» маркалы автокөлігімен 7 бөшкедегі 200 литр мотор майын  алып кеткен. Содан кейін олар қаланың ішінде ұрланған майды сатып, ақшаны өзара бөліскен.

Осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері болған оқиғаның егжей-тегжейлі мән-жайын анықтау мақсатында барлық қажетті тергеу шараларын жүргізуде.

Жамбыл облысы ПД