Мұраны қабылдау мерзімін қалпына келтіру және мұралық мүлікті қабылдау фактісін анықтау бойынша дөңгелек үстел өтті

Бүгін Түркістан облысының Әділет департаментінде Түркістан қалалық сотының судьясы Кымбат Чингисбаеваның, Түркістан облыстық адвокаттар алқасының төрағасы Қайрат Камбаровтың, Нотариаттық палатасының төрағасы Раимкул Исаховтың, адвокаттардың және нотариустардың қатысуымен мұраны қабылдау мерзімді қалпына келтіру және мұралық мүлікті қабылдау фактісін анықтау бойынша дөңгелек үстел өткізілді.Дөңгелек үстел барысында нотариустармен мұралық мүлікті қабылдау фактісін анықтау барысында кездесейтін проблемалар және біріңгай нотариаттық практиканың ендіру бойынша ұсыныстар талқыланды. ​Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 1072-бабына сәйкес мұраны алу үшін заң бойынша немесе өсиет бойынша мұрагер оны қабылдауы тиіс. Мұраны қабылдау тәсілі мұра ашылған кезде қолданыста болған заң бойынша айқындалады.​Мұра азаматтың қайтыс болуы немесе оны қайтыс болды деп жариялау салдарынан алты ай iшiнде мұрагер мұраның ашылу орны (мұра қалдырушының соңғы тұрған жерi, ал егер ол белгiсiз болса — мүлiктiң немесе оның негiзгi бөлiгiнiң орналасқан жерi мұраның ашылу орны болып табылады) бойынша нотариусқа немесе заңға сәйкес мұра алу құқығы туралы куәлікті беруге уәкілетті лауазымды тұлғаға мұраны қабылдау туралы немесе мұра алу құқығы туралы куәлікті беру туралы арыз беру арқылы не оны іс жүзінде қабылдау арқылы қабылдауы тиіс. Мұраны іс жүзінде қабылдау деп мұрагердің мұра қалдырушы қайтыс болғаннан кейін соңғының мүлкін иеленуін және пайдалануын кәуландыратын әрекеттері, оның мүлкін ұстау мен сақтау жөніндегі әрекеттерді жүзеге асыруы, мұрагерлік мүлікке байланысты оның қарыздары мен салықтарын төлеуі не мұрагерлік массаға енгізілуге жататын мүліктік сипаттағы мұра қалдырушыға тиесілі төлемдерді, құндылықтарды алуы түсіндіріледі. Егер мұрагер мұраны қабылдау үшiн белгiленген мерзiмдi дәлелдi себептер бойынша өткiзiп алған болса және мұраны қабылдау үшiн белгiленген мерзiмдi өткiзiп алған мұрагер бұл мерзiмдi өткiзу себептерi жойылғаннан кейiн алты айдың iшiнде сотқа жүгiнген жағдайда осы мерзiмдi өткiзiп алған мұрагердiң өтiнiшi бойынша сот бұл мерзiмдi қалпына келтiре алады және мұрагер мұраны қабылдады деп тани алады. Мұрагер мұраны қабылдады деп танылған кезде сот барлық мұрагерлердiң мұрагерлiк мүлiктегi үлестерiн анықтайды және қажет болған жағдайда жаңа мұрагердiң мұрадан өзiне тиесiлi үлесiн алу құқығын қорғау жөнiнде шаралар белгiлейдi. Бұған дейiн берiлген мұраға құқық туралы куәлiктердi сот жарамсыз деп таниды.

Түркістан облысы Әділет департаменті