Мұрат Қабденов полицейлердің қызмет дайындығын тексерді

Мұрат Қабденов

Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденов, қызметкерлердің мезгілге сай нысанды киім-кешегінің болуын, қызметтік автокөліктің техникалық жай-күйін, жеке құрамның қызмет атқаруға дайындығын жеке өзі тексеріп шықты.

Полицейлердің жазғы нысандағы киім үлгісіне өтуін, сыртқы келбетін тексерген генерал, қызметкерлердің жұмыс уақыты мен заңға сәйкес берілген міндеттерді орындауы қадағалауда екенін жеткізді. Тексеру нәтижелері бойынша жеке құрамның бірқатар жауапты басшыларына тапсырмалар жүктеді.

Гарнизондық жиын соңында генерал Мұрат Қабденов, жеке құрамды қызметтік міндеттерін адал атқаруға, құқық бұзушылық пен қылмысқа жедел ден қоюға, сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеуге және ең бастысы, қызмет атқару кезінде азаматтарға құрметпен қарауға бағыттады.

Іс-шара соңында салтанатты шеру өтіп, жеке құрам патрульдеу маршруттарында қызмет атқаруға кірісті.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі