Ордабасыда Республика күніне орай мектеп ашылды

Ордабасы ауданында Республика күніне орай Бадам ауылдық округі, Орда мөлтек ауданында жекеменшік «Ұл — Орда» мектебінің ашылды.

Ашылу салтанатына аудан әкімі Азат Оралбаев, аудандық мәслихат төрағасы Бақдәулет Жұмабеков және аудан ұстаздары қатысып, білім беру мекемесінің жұмысына сәттілік тіледі.

  • Өздеріңізге мәлім, ауданда жалпы 70 мектеп болса, оның 4-і жекеменшік білім беру мекемесі. Жаңадан ел игілігіне берілген бұл ғимарат сол жекеменшік мектердің қатарын көбейтуде. Әсіресе балаларын орталыққа тасымалдайтын ата-аналар үшін үлкен қуаныш деп айтуға болады. Осы орайда «Ұлы — Орда» мектебінде білім алған оқушылар мемлекеттік ұлы мұрат жолында еңбек ететін азаматтар болсын, — деді Азат Әбдіғалиұлы құттықтауында.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі