Орталық қызметкерлерінің қал-жағдайларымен танысты

«Қалың қалай, бастауыш ұйым?» акциясы аясында «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы С.Әуесханов Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің қал-жағдайымен танысып, Қазақстан Республикасының Конституциясы, Еңбек Кодексі, «Кәсіптік одақтар туралы» заңы бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, «30 тамыз – Конституция күні» мерекесімен құттықтап, бірқатар қызметкерлерге наградалар тапсырды. Атап айтқанда, «Қызмет» Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі Шымкент қалалық филиалының «Еңбек озаты» төсбелгісімен орталық басшысының орынбасары Балтабаева Жулдызхан Шухралиевна, «Құрмет грамотасымен» бөлім басшысы Қосбаева Гүлшат Жолдасқызы және «Алғыс хатымен» бөлім басшысы Қанатұлы Дінмұхамед марапатталды. Жиын қорытындысында орталық басшысы Ерлан Айтбаев ұжым мүшелерін Конституция күні мерекесімен құттықтап, «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалына ұжым атынан алғыс білдірді.

Шымкент қаласы Кәсіподақтар орталығы