Облыс тұрғындарының электрондық паспорты түгелімен қамтылған

 «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында Түркістан облысы бойынша медициналық ұйымдар «Дамумед» медициналық ақпараттық жүйесімен жұмыс атқаруда. Медициналық ұйымдар ішінара қағазсыз құжат айналымына толығымен ауыстырылды. Қазіргі таңда дәрігердің қабылдауына алдын ала жазылу дәрігерді үйге шақыру электронды түрде қызмет атқарылуда. Қазіргі заман талабына сай медициналық ұйымдарға цифрлық ренгендер, эксперттік УЗИ, видеоэноскопиялық стойка аппараттары сатып алынып ота жасауға оң ықпалын тигізуде. Медициналық ұйымдарға цифрлық медициналық ақпараттарды, бейнелерді өңдеу, сақтау және беру бойынша 7 медициналық ұйым PACS жүйесіне қосылған және PACS жүйесіне енгізу жұмыстары жүргізілуде. 2020 жылы ИВЛ (ӨЖЖ – өкпені жасанды желдету аппараты) 178-ден 368-ге дейін артты және жедел-жәрдем қызметіне 122 автокөлік жеткізіліп, 96%-ға жаңартылып отыр. Сонымен қатар, 12 бірлік жылжымалы медициналық кешен жиынтығы сатып алынып, аудандарды қамтамасыз ету көрсеткіші 100% құрады. 2021 жылы облыстық бюджет есебінен 2 компьютерлік томография алынды.

         Жалпы алғанда 2021 жылдың 4 айлығымен салыстырғанда 2022 жылы медициналық ұйымдардың жарақтандырылу деңгейі 3,35%-ға өсті. Түркістан қаласында 2021 жылы 25 бригадаға арналған жедел жәрдем станциясының құрылысы басталып, қазіргі таңда халық игілігіне пайдалануға тапсыру жұмыстары жүргізілуде.
Сондай-ақ Түркістан қаласында заманауи перзентхана салу үшін Біріккен Араб Әмірлігімен келіссөздер жүргізілуде. Жуырда Түркістанда «Қамқорлық» оңалту орталығы ашылды. Жаңа технологиямен жабдықталған «Қамқорлық» балалар оңалту орталығы жүйке жүйесі мен тірек-қимыл аппаратының бұзылыстары бар науқас балаларды қабылдауда.

         2021 жылы Түркістан облысында мемлекеттік-жекешелік әріптестік бағдарламасы шеңберінде 4 фельдшерлік-акушерлік пункт салынып ауыл тұрғындарына пайдалануға берілді. Биыл тағы да 4 фельдшерлік пункт құрылысы жүргізілуде. 2022 жылы шалғай жатқан елді мекендерде 11 медициналық пункттермен қамтамасыз ету жоспарланып отыр. Бұның бәрі ел игілігі үшін істеліп жатқан жұмыстар.

Мамандардың жетіспеушілігі мәселесін шешу үшін 2021 жылы жоғары оқу орындарының 129 түлегі медициналық мекемелерге жұмысқа жіберілді. Сонымен қатар 2021 жылы 2 800-ден астам медицина қызметкері біліктілігін арттырды, оның ішінде 101 қызметкер АҚШ, Түркия, Ресей елдерінде біліктіліктерін арттырды. Осы жұмыстар биыл да жалғасын табатын болады.

Ntime.kz