Панкратионнан қазақстан кубогі өтті

Орал қаласында панкратионнан кадеттер, жасөспірімдер, жастар және ересектер арасында Қазақстан Республикасының кубогі өтті. Байрақты бәсеке 16-20 қыркүйек аралығында жалғасты. Жарыстың алғашқы күнінен-ақ Түркістан облысының спортшылары жүлделі орындарды иеленді.
Турнир қорытындысында панкратионның тарадишн бөлімі бойынша Муслим Ассадуллаулы +75 келіде 2-орынға қол жеткізсе, элит бөлімінде чемпион атанды. Ол бұған дейін «Дала бөрілері — Көкжал FC» ашық турнирінің жеңімпазы атанып үлгерген. Жасөспірімдер арасында жекпе-жектен сондай-ақ панкратионнан Түркістан облысы чемпионатының жеңімпазы.
Сондай-ақ, Әділ Медин 50, Ақжүніс Жақсылық 65 келі салмақта чемпион болды. Үздіктер қараша айында Украина елінде өтетін Әлем чемпионатына жолдама алды. Ал, Данияр Құдайберген 75, Дидар Бақытжан 50, Дидархан Аманғали 42 келі салмақ дәрежесінде 2-орынға табан тіреді. Диас Түймебай 55, Исабек Шахрух 60 келіде 3-орынға лайықты деп танылды.
Жаттықтырушылары — Ердәулет Айдаров, Асхат Борықбаев, Сырым Айтбай, Болат Ибрагимов, Талғат Мақажанов. Айта кетейік, жарыста түркістандық бапкерлер Болат Ибрагимов пен Асхат Борықбаев ардагерлер арасында сынға түсіп, жеңіс тұғыран көрінді.

«Түркістан облысы бойынша жауынгерлік өнер қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің баспасөз қызметі.