Парасат жолы: кітапханада оқушылармен кездесу өтті

Орталықтандырылған балалар кітапханасының №14 филиалының «Парасат жолы» орталығында қалалық ақпараттық-ағартушылық штабының мүшелері Ермек Бекбосынов және Әлия Ахметова оқырмандармен кездесіп, ашық сұхбаттасты.
Шараның мақсаты – жастар бойында адалдық, парасаттылық құныдылықтарын дәріптеу болып табылады.
Спикерлер ұлы тұлғалардың өмірі мен шығармаларынан, жеткен жетістіктері жайында айта келіп, адал адамның бойында болуы керек қасиеттерді балаларға түсіндіріп өтті.
Сонымен қатар, өздерінің өмір жолдарымен, қызметтерімен, жеткен жетістіктерімен таныстырып, адал ұрпақ тәрбиелеудегі басымдықтар бойынша ойларымен бөлісті.
Шара барысында қатысушылардың сұрақтарына жауап берумен қатар, адалдыққа қатысты оқушылардың да пікірлері тыңдалды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті