Полицейлер ауа райының қолайсыздығына байланысты күшейтілген тәртіппен қызмет етуде

Ағымдағы жылдың 14 қаңтары кешкі уақыттан бастап ауа-райының қолайсыз болуына, яғни жауын-шашын мен қардың түсуіне байланысты Түркістан облысының полицейлері жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жүргізушілерге көмек көрсету үшін күшейтілген режимде қызмет атқаруда.

Сонымен қатар Түркістан облысының Шымкент-Самара және Шаян-Шақпақ тас жолдарында көктайғақ салдарынан материалдық шығыны бар 4 жол-көлік оқиғасы орын алды. Сонымен қатар оқиға кезінде 1 адамға алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Бұдан бөлек Алматы — Ташкент — Термез және Созақ-Шаян трассаларында Бәйдібек, Сайрам, Созақ және Түлкібас аудандарының аумағында жүк көлігінің қозғалысына шектеу қойылды.

Сондай-ақ тәртіп сақшылары жол жиегіне шыққан ауыр жүк көлігінің жүргізушілеріне көмек көрсетті. Құрметті Түркістан облысының жүргізушілері мен тұрғындары! Ауа-райының қолайсыздығына байланысты полиция жол ережелерін сақтауға және жолдарда мұқият болуға шақырады.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі