Полицейлер базарда болған ұрлық қылмысын ашты

Адам бойында жаман да,жақсы да қасиеттер болады. Баланың қандай болуы отбасына да, жүрген ортасына да байланысты. Ата-ананың парызы баланы қанаттыға қақтырмай,тұмсықтыға шоқтырмай өсіру. Алайда кейбір бала өскенде отбасынан алған тәрбиесін басқаға айырбастап жаман жолға түседі.Соның бірі ұрлық жасау.Оның арты неге соқтырарын білсе де сонымен айналысады.  «Ұрлық түбі — қорлық» –деп бекерге айтпаған,оның арты жақсылыққа апармасы анық. 

Біреудің тапқан табысын,еңбегін қанау барып тұрған азғындық. Бүгін тегін олжаға кенелгенмен оның да сұрауы бар екенін ұмытпайық. Жеңіл табыс оңай олжаға бату еріншектің іс әрекеті болып табылады.

Түркістан қалалық полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданды. Жәбірленушінің айтуынша, құны 60 мың теңге тұратын арбасын орталық базардан белгісіз біреулер жымқырып кеткен. Аталған жайт қалалық Полиция басқармасына ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркелді.

Оқиға орнына сол мезетте жедел жеткен учаскелік полицейлер дүкендерге орнатылған бейнекамераларды мұқият тексеріп, куәлардан сұрақ-жауап алды.

Нәтижесінде күдіктінің ұрлық жасаған сәтіндегі бейнежазбасы анықталып, күдікті ер адам сол күні анықталды.

Белгілі болғандай күдікті базарда қараусыз тұрған арбаны көріп, жымқырып, оқиға орнынан ізін суытқан. Содан соң арбаны темір өткізетін орынға сатып жіберген. Қазіргі таңда күдікті деп танылған ер азаматқа қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Қылмыстардың ішіндегі бөтеннің мүлкін ұрлау – ең кең таралған қылмыстық әрекет болып табылады. Сол себепті бөтеннің мүлкін ұрлау қылмыстарының алдын алу, ескерту, анықтау, ашу және тергеу бойынша қабылданып жатқан шаралардың тиімділігін арттыру мақсатында  ұрлыққа қарсы күресудің бағдарламасы  бекітіліп, осыған байланысты жоспарға сәйкес іске асыру жұмыстары жүргізілуде. Осы жұмыстарды  іске асыру жоспарының желілік кестесі мен көзделген іс-шаралардың уақытылы орындалуын қамтамасыз ету  полиция басқармаларының басшыларына жүктеліп, орындалу барысы ұдайы қадағаланады.

Ұрлық жасап біреуге қиянат жасамайық.