Полицейлер жоғалған 6 сынып оқушысын бірнеше сағат ішінде тауып берді

Төлеби АПБ-ға жергілікті әйел тұрғын кешкі уақытта арызданып, 6 сыныпта оқитын баласының ұшты-күйлі жоғалғанын айтып, көмек сұрайды. Анасының айтуынша, 11 жасар баласы сағат 15:00 шамасында үйінен сыртқа шығып кетіп, қайта оралмағанын айтқан. Ата-анасы полицияға жасөспірімнің жоғалғаны туралы айтудан бұрын, өздері іздеп табамыз деген ниетпен іздестіріп, уақытты өткізіп алған. Күн батып, кеш болғаннан соң, полицейлерге хабарлаған.Әйелден қоңырау түскен уақыттан бастап жоғалған баланың жасөспірім екенін ескере отырып, аудандық полицейлер шұғыл түрде іздестіру жұмыстарына жұмылды. Баланың баруы мүмкін жерлер мен туыстары тексерілді. Сыныптастары арасында да мұқият сұрастырылды. Нәтижесінде 6 сынып оқушысы Төлеби ауданы Леңгір қаласындағы көшелердің бірінен табылды. Оқушы бала аман-есен ата-анасына жеткізіліп, тапсырылды.Полицейлер тексеру кезінде баланың рұқсатсыз сыртқа ойнауға шығып, содан соң бірнеше достарымен бірге жақын маңдағы стадионға ойнауға барғанын. Одан әрі қарай бірінің үйіне барып тағы да компьютермен ойындарын жалғастырғанын, түннің түскенін байқамай қалғанын анықтады. Полицейлер тарапынан ата-ананың рұқсатынсыз сыртқа шықпау қажеттілігі балаға түсіндіріліп, полиция бөлімінің психологымен жүздестірілді. Ал ұлының дін-аман табылғанына қуанған анасы полицейлерге алғысын айтты: «Менің ұлым жоғалып, өзіміз іздеп таба алмаған едік. Бірден полицияға хабар бердік. Ұлымды тауып бергендеріңізге алғыс айтамын. Рақмет!»-деп атап өтті.Түркістан облысының полицейлері барша ата-аналарға кәмелетке толмаған ұл-қыздарымен өтпелі кезеңде түсіністікпен тілдесіп, олармен дос болуға шақырады. Жасөспірімдерге үлкендердің рұқсатынсыз үйден алыс кетпеу керектігін үнемі ескертіп отыру қажеттігін алға тартады.

ТО ПД баспасөз қызметі