Президенттік жастар кадр резервіне тіркеу бұрышы ашылды

🔹2021 жылдың 1 қыркүйегінен бастап еліміздегі 35 жастан аспаған, жоғары білімді және кемінде 5 жыл жұмыс өтілі бар, сондай-ақ мемлекеттік тілді орташа деңгейден төмен емес білетін азаматтар үшін Президенттік жастар кадр резервіне құжат қабылдау басталды.

🔹Осыған орай, осы іріктеуге қатысуға тұрғылықты мекен-жайы немесе жұмыс орнында тіркелу мүмкіндігі жоқ жастар үшін Департаменттен арнайы тіркеу бұрышы ашылды.

🔹Бұл ретте үміткерлер тіркеу бұрышы арқылы pkrezerv.gov.kz цифрлық платформасымен іріктеуге құжаттарын тапсыруға мүмкіндігі бар. Сонымен қатар, аталған бұрышта Департаменттің арнайы мамандары тарапынан кеңестер мен іріктеудің барлық кезеңдері бойынша тиісті түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.

🔹Тіркеу бұрышы Шымкент қ.Тауке хан даңғылы 3 А , ҚР Мемлекеттік кызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің 2-ші қабатының, 11-кабинетінде орналасқан.

🗓Тіркеу бұрышының жұмыс кестесі аптаның дүйсенбі – жұма күндері сағат 09:00-дан 18:30-ге, түскі үзіліс сағат 13:00-ден 14:30-ға дейін жүргізіледі.

☎️Қосымша ақпараттарды 8/7252/53-61-13,/ 53-60-67 байланыс телефондары арқылы алуға болады.

ҚР МҚІА Шымкент қаласы бойынша департаменті