Прокуратура өкілдерімен кездесу болып өтті

Қазақстан Республикасында құқықтық мемлекет құру процесінде құқықтық тәрбие мәселелері үлкен маңызға ие. Еліміздің дамуында дамуында азаматтардың құқықтық санасы мен құқықтық мәдениетін дамытудың маңыздылығы ерекше. Біздің еліміз де азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекет құруды жүзеге асыруда. Азаматтардың құқықтық мәдениеті жоғары болған сайын құқықтық нормалардың сақталуы да жоғары болады. Халықтың құқықтық сауаты жоғары болса құқықбұзушылық та азаяды. Бүгінде мемлекет жүргізіліп жатқан құқықтық түсіндіру жұмыстарына, сондай-ақ оны жаңа сапалық деңгейге көтеру үшін нормативтік-құқықтық актілерге ерекше назар аударып келеді. Құқық қорғау органдары қызметінің стратегиялық бағыттарының бірі азаматтардың құқықтық сауатын арттыру, құқықтық үгіт-насихат көлемін және сапасын арттыру болып отыр. Халқымыздың құқықтық сауатын арттыру қоғамның талабы болып отыр. Қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі — балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу. Бұл мәселе қазіргі кезде өзекті мәселелердің біріне айналып отыр.

30 қыркүйек күні Расул Исетов атындағы  мектепте   ата-аналардың қатысуымен «Бала тәрбиесіндегі мектеп пен ата-ананың рөлі» тақырыбында Түркістан қаласы прокуратурасы өкілдерімен кездесу болып өтті. Кездесуге қала прокурорының орынбасары Қайролдаев Мирас Серғалиұлы және қала прокуратурасының бөлім аға прокуроры Абдрасилова Дидара Кайратбековна қатысты.Кездесу барысында ата-аналарға құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша түсіндіру және ескерту жұмыстары жүргізілді. Ата-аналарға бала тәрбиесінде отбасылық қадағалау жасаудың маңыздылығы түсіндіріліп, түнгі сағат 10:00-ден кейін оқушыларға көшеде, ойын-сауық орталықтарында жүруге тиым салынатындығы ескертілді.Прокуратура өкілдері қала мектептерінде орын алған құқық бұзушылық әрекеттер туралы айта отырып, ата-аналарға келеңсіз жағдайлардың алдын алу жұмыстарын насихаттады.Ата-аналар тарапынан келген қонақтарға сұрақтар қойылып, ол сұрақтар бойынша нақты жауаптар берілді.