Прокурорлық қадағалау

Прокуратура органдары атқарушылық іс жүргізудің заңдылығын қадағалау саласында мемлекет пайдасына қаржы өндіру, әлеуметтік маңызы бар (алимент, еңбекақы өндіру және т.б.) атқару құжаттарының орындалуына басты назар аударады.

2022 жылдың өткен мерзімінде Түркістан қаласы бойынша сот орындаушылардың өндірісінде жалпы мемлекет пайдасына өндірілуге тиіс 933,8 млн. теңге соманы құрайтын 56 885 атқару құжаты (оның ішінде 380 млн. теңге әкімшілік айыппұлдарды өндіру туралы 20 470 атқару құжаты), ал алимент бойынша берешек сомасы 80 млн. теңгені құрайтын 2901 атқару құжаты орындауда болған.

Сот орындаушылардың атқарған жұмыстары нәтижесінде 19 350 атқару құжаты бойынша мемлекет пайдасына 350 млн. теңге және 415 атқару құжаты бойынша 10 млн. теңге алимент берешегі өндірілген.

Түркістан қаласы прокуратурасының прокурорлық қадағалау актілер бойынша мемлекет пайдасына 4299 атқарушылық іс жүргізу орындалып, 63,4 млн. теңге (оның ішінде әкімшілік айыппұл бойынша 1817 атқару құжаты бойынша 28 млн. теңге) өндірілген. Алимент бойынша 97 атқарушылық іс жүргізу бойынша өндіріп алушылардың пайдасына 9,9 млн. теңге өндірілген. Заң бұзушылықтарға жол берген 29 сот орындаушы тәртіптік жауаптылыққа тартылып, 1 сот орындаушының лицензиясы тоқтатылған.

Қала прокуратурасының ұйымдастыруымен жеке сот орындаушылар және жергілікті полиция қызметімен бірлесіп тұрақты түрде «Борышкер» жедел-профилактикалық рейдтік іс-шаралары өткізілуде. Рейдтік іс-шаралардың нәтижесінде 35 автокөлік айыппұл тұрағына қойылып, 90 борышкерден 2,7 млн. жуық теңге әкімшілік айыппұл, көлік салықтары және алимент өндірілді.

Аталған бағытта жұмыстар жалғасуда.