Рейдтік іс-шара өткізілді 

Кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасындағы қылмыс — қоғамдағы ең өзекті, әлеуметтік маңызы бар мәселелердің бірі. Қоғамда қылмыстық жағдайға алып кеп соқтыратын жазатайым жайттардың алдын алу өзектімәселе. Түркістан қаласы  прокуратурасының бастамасымен қала аумағындағы жабылмаған құдықтар мен кәріздік септиктерді, балаларға арналған спорттық және ойын алаңшаларында қауіпті конструкцияларды, жерге бекітілмеген футбол қақпалары, дұрыс бекітілмеген турниктер, қоршалмаған электр трансформаторларын және т.б. қауіп төндіретін тәуекелдерді анықтау мақсатында рейдтік іс-шара өткізілді.

Аталған іс-шараға қала прокуратурасының, қалалық полиция басқармасы жергілікті полиция қызметінің, қала әкімдігінің жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімінің, Адами әлеуетті дамыту бөлімінің қызметкерлері қатысты.

Іс-шара барысында балалардың жазатайым оқиғаларға тап болуына әкеліп соғатын орындар анықталды.

№20 Р.Исетов атындағы орта мектеп орналасқан І.Мұсақұлов көшесінде, №26 Әйтеке би атындағы орта мектеп орналасқан Ж.Майкотов көшесінің, Ж.Ташенов атындағы №23 IT мектеп-лицей орналасқан Шойынбет би көшелерінде кешкі уақытта электрожарықтың жанбауы, орнатылмауы, жаяу жүргіншілерге арналған жолақтың болмауы, №14 Қазыбек би атындағы орта мектеп орналасқан көше бойында бітпеген құрылыс, қараусыз қалған объектілер, білім беру ұйымдарындағы бейнебақылау жүйелерінің ақауы, ақпаратты сақтау тәртібінің сақталмауы, сынық әткеншектер анықталды.

Мұндай жайттар өз кезегінде әкімшілік құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың туындауына әкеліп соғады. Анықталған кемшіліктер бойынша қала әкімдігіне қайғылы жағдайларға əкеп соқтыруы мүмкін қауіптерді жою мақсатында қаланың барлық басқа аумақтарында осындай рейдтік іс-шараларды тұрақты түрде жүргізу ұсынылды.