Референдумды қоғамдық қолдау жөніндегі республикалық штаб облыс кәсіпкерлерімен кездесті

5 маусымда өтетін референдумды қоғамдық қолдау жөніндегі республикалық штаб және өңірлердің қоғамдық штабтары республика көлемінде ақпараттық-насихаттық жұмыстарды кеңінен және белсенді түрде жүргізуде. Осы мақсатта республикалық штаб Түркістан қаласында өңіраралық кездесу ұйымдастырып, оған оған республикалық «Ардагерлер ұйымы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, Түркістан облысының кәсіпкерлері қатысты. Жиынды ашып жүргізген Референдумды қоғамдық қолдау жөніндегі республикалық штабтың және «Қазақстан мәслихаттары депутаттарының бірлестігі» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Төлеубек Мұқашев мемлекеттік маңызы бар реформаны жүзеге асыру — бүгінгі Қазақстанның ғана емес, келешек ұрпақтың тағдырына тікелей әсер ететін маңызды сәт екенін айтты.
«Ардагерлер ұйымы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Бақтықожа Ізмұхамбетов мемлекеттің маңызды мәселелерін халық болып шешуге шақырды.

Ал республикалық кәсіподақ федерациясы басшысының орынбасары Нұрлан Өтешов, Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Тимур Нақыпбеков, «Түркістан Болашақ» балабақша директоры, облыстық мәслихат депутаты Шолпан Бегалиева ел тарихында өткізілетін екінші референдумға бір үйдің баласындай қатысуға шақырды.
Түркістан облыстық мәслихат хатшысы Қайрат Балабиев референдум мәселесінен бөлек, кәсіпкерлерге Президент тарапынан көрсетілетін қолдауын атап өтіп, кәсіпкерлердің ел экономикасына қосқан үлесі, шағын және орта кәсіпкерлік нысандарының өзекті мәселелерін көтерді.
Бұдан бөлек жиынға қатысқан кәсіп иелері
республика бойынша өткізі­летін референдум төңірегіндегі маңызды сұрақтарға жан-жақты жауап алып, бизнес төңірегінде талқылауға белсене қатысты.

Аймақтық коммуникация қызметі