Сайрамдық оқушы республикалық байқауда жас ғалым атанды

Сайрамдық Махлия Расулметова республикалық «Жас ғалым» ғылыми жоба байқауына қатысып, І дәрежелі диплом және «Жас ғалым» медалімен марапатталды. Сайыс республикалық «Жас ғалым» журналының ұйымдастыруымен өткен.

Махлия байқауда «Мағжан Жұмабаев өлеңдеріндегі негізгі ой-тіл құдіреттілігін таныту» тақырыбы бойынша ғылыми зерттеу жұмысын жүргізген. Ол бүгінде Сайрам ауданы білім бөліміне қарасты №47 жалпы білім беретін мектептің 8 сынып оқушысы. Жеңімпаз оқушының жетекшісі — қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі Гүлжан Сәлімбекова.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі