«Алаштың арыстары» тақырыбымен  дөңгелек үстел  өтті

Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің Сарыағаш аудандық филиалы мен аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-мен бірлесіп 31 мамыр — Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай «Алаштың арыстары» тақырыбымен «дөңгелек үстел» отырысы ұйымдастырылып, өткізілді.

Отырысқа Сарыағаш аудандық ҚХА жанындағы Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Е.Исахов, Аналар кеңесінің төрайымы Ж.Ермаханбетова, әскери прокуратура қызметкерлері, аудандық этномәдени бірлестік​ төрағалары мен мүшелері, этнос жастары қатысты.

Жиын зұлмат заманда құрбан болған азаматтарды еске алумен және тарихи видеоролик көрсетілімімен басталды.

Жиында нәубет жылдары аштыққа ұшырағандар мен жазықсыз қуғын-сүргін зобалаңына ілінгендер, орасан зор адам шығыны мен тағдыр тауқыметі әкелген қиын кезеңдер туралы айтылды.