«Зорлық – зомбылықсыз 16 күн» акциясы сарыағаш ауданында жалғасты

Республика көлемінде өткізіліп жатқан «Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн» акциясы Сарыағаш ауданында жалғасын тапты . Сарығаш аудандық полиция бөлімі әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтан қорғау тобының аға инспекторы Ақтолқын Кубегенова мен учаскелік инспекторлар бірлесе отырып, баланы қорғауға, қоғамдағы отбасының оның ішінде әйел-ананың рөлін нығайтуға бағытталған тақырыптарда түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Олар Сарыағаш қаласы, Ермеков көшесінің бойында орналасқан «Алып» сауда орталығында және Дүйсебаев көшесінің бойындағы орналасқан «Темір тау» құрлысы дүкеннінің маңында ескертпе парақшаларын тарқатып, халық көп шоғырланатын орындарда болып, аталған бағыттар ақпараттар берді. Сонымен қатар, осы тектес жұмыстар Сарыағаш ауданының Жібек жолы, Дербісек ауылдық округтерінде де жүргізілді.