Сарыағашта үшем дүниеге келді

Бүгін аудан әкімі Арман Абдуллаев еліміздің демографиясына ерекше үлес қосып, дүниеге үшем әкелген Сарыағаш қаласының тұрғыны Дауырбаева Гулмираның отбасына арнайы барып, құрмет көрсетті.

— Біздің ауданда сәбилердің туылу көрсеткіші жоғары. Міне, оған дәлел ретінде бүгінгі қуанышымыз, жас ана Г. Дауырбаеваны айтуға болады. Бірден үш сәбиді босану — бұл ерлікпен пара-пар. Жас анаға және туған үш бірдей қыздарымызға зор денсаулық пен үлкен бақыт тілеймін! — деді аудан басшысы.

Айта кетсек, 37 жастағы Гулмира Дауырбаева дүниеге Әмина, Сәбина және Медина есімді үшем әкелген болатын. Бұған дейін отбасында 5 бала тәрбиелеп, қазіргі уақытта 8 баланың ата-анасы атанып отыр. Сәбилердің жағдайы бірқалыпты.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі