Сарыағаш аудандық полиция бөліміне жаңа басшы тағайындалды

Бүгін ҚР ІІМ полиция генерал-лейтенанты Ерлан Тұрғымбаевтың келісімімен, Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Қайрат Дәлбековтің бұйрығымен Түркістан облысы Сарыағаш аудандық полиция бөлімінің бастығы тағайындалды. Ол — полиция полковнигі Аман Сәпиұлы Бурханов. Жаңа басшыны аудан әкімі мен жеке құрамға ТО ПД бастығының орынбасары полиция подполковнигі Құрманбек Сахов таныстырды. Аман Бурханов осы уақытқа дейін көптеген басшылық лауазымдарда қызмет атқарған, облыста қылмыстың азаюына өзіндік үлесін қоса білген білікті басшы. Полиция полковнигі соңғы уақытта Криминалдық полиция басқармасының бастығы қызметін атқарған.

ТО ПД баспасөз қызметі