Сегізінші шақырылым: Мәслихаттың бірінші сессиясы өтті

🔹Бүгін сегізінші шақырылымдағы Шымкент қаласы мәслихатының бірінші сессиясы өтті. Депутаттарға куәлік пен төсбелгі табыс етілді. Депутаттар ұсынысымен Бахадыр Мәдәліұлы Нарымбетов сегізінші шақырылымдағы Шымкент қаласы мәслихатының хатшысы болып сайланды.

🔹Қала әкімі Мұрат Әйтенов депуттарды ел сеніміне ие болуымын құттықтап, бірлесе жұмыс істеуге шақырды.
«Алдымызда атқаратын ауқымды жұмыстар тұр. Қазіргі жаһандану процессінде көштің соңында қалмас үшін жылдам және ұтқыр шешімдер қабылдай білуіміз қажет. Біз әрқашан да халық үнімен санасып, қаланың стратегиялық құжаттарын, бюджетті қалыптастыру, нормативтік құжаттарды бекіту барысында ел мүддесін бірінші кезекке қойып келеміз. Қаламыздың әлеуметтік экономикалық жағдайы Үкіметтің қолдауымен тұрақты дамып келеді. Алда атқарылатын нақты міндеттерді өздеріңізбен бірлесе жүзеге асыратынымызға сенімдімін» — деді қала әкімі.

🔹Сессияда тұрақты комиссияларды құру мен оның тiзбесi, құрамы белгіленіп, алдағы жоспарлар бекітілді.
Қаладан Парламент Мәжілісіне бір мандатты округ бойынша 2 депутат және қала мәслихатына 16 депутат сайланды.