Семинар-сабақ өткізілді

Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаментінде Құжаттамалық қамтамасыз ету және мемлекеттік тілді ламыту тобының ұйымдастыруымен азаматтар мен заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдау және қарау тәртібі бөлігінде департаменттің өтініштермен жұмыс жасауға жауапты мамандарымен семинар-сабағы өткізілді. Іс-шараға Құқықтық статистика және арнайы есепке алу басқармасының прокуроры Шынаргүл Курбангалиевна Аимбетова, Шымкент қ. Әділет департаменті Әкімшілік-құқықтық бөлімінің бас маманы Назира Рүстемқызы Муслимова, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Шымкент қ. өкілдігінің бас инженері Нұрмахамбет Еркенович Тулегенов қатысты.Шақырылған білікті мамандар «Е-өтініш» жүйесінде жұмыс жасау тәртібін түсіндіріп, қажетті нұсқаулықтар берді. ТЖ департаментінің мамандары берілген кеңестерді назарға алып, туындаған сұрақтарды қойып, жауаптарды мұқият тыңдады. Берілген нұсқаулықтар мен кеңестер жұмыс барысында дұрыс қолдану үшін пайдаланылады.

Н.Тулепбергенова Шымкент қ.ТЖД құжаттамалық қамтамасыз ету тобы