Сыбайлас-жемқорлықпен күрестің негізгі қағидалары

Шымкент қаласы білім басқармасының «Индустриалды – техникалық колледжі» 08.09.2022 ж ЭВ22-30к тобында куртор: Бейсембаева Г.И. «Сыбайлас-жемқорлық деген не, онымен күресу қағидалары» атты тақырыбында тәрбие сабақ өткізді. “Сыбайлас-жемқорлық” деген түсінік “параға сатып алу”, “пара” ретінде, “corruptio” деген латын сөзін алып, анықтауға мүмкіндік береді.

Сыбайлас-жемқорлықпен күрестің негізгі қағидаларына келесі жатады:

1.Баршаның заң және сот алдында теңдігі.Бұл қағиданы сақтау және жүзеге асыру сыбайлас-жемқорлықпен күресте өте маңызды. Өкінішке қарай, заңнаманы таңдап қолдану өте жиі кездеседі, ондайда заң біреу үшін бар, басқалар үшін жоқ. Жеке соттар, мемлекеттік қызметшілер, құқық қорғау органдарының қызметкерлері сондай-ақ сыбайлас-жемқорлыққа беттелген.Бұл қағиданың сақталуының кепілі азаматтардың өздерінің белсенділігі болып табылады—сыбайлас-жемқорлық үдерістерді БАҚ-та жариялау, оның ішінде БАҚ, бұқара өкілдерінің сот үдерістерінде болуы; өтініштерді прокуратураға, экономикалық және сыбайлас-жемқорлық қылмыспен күрес жөніндегі Агенттікке және басқа құқық қорғау органдарына беру.

2. Мемлекеттік органдар қызметінің нақты құқықтық тәртібін, заңдылығын және осындай қызметтің жариялылығын, оған мемлекеттік және қоғамдық бақылауды қамтамасыз ету.

Қазіргі таңда ҚР Президентінің 2005 жылғы 23 желтоқсандағы Жарлығымен бекітілген 2006-2010 жылдарға арналған сыбайлас-жемқорлықпен күрес бойынша Мемлекеттік бағдарламаға сәйкес, 2008 жылға дейін мемлекеттік органдар қабылдаған шешімдердің ақпараттық мөлдірлігін қамтамасыз ету,мемлекеттік басқару органдарының рұқсат ету және әкімшілік құзыреттерін оңтайландыру, сондай-ақ мемлекеттік сатып алудың электронды жүйесіне көшу негізінде мемлекеттік сатып алу жүйесін реформалау.

Бағдарламада ерекше орын азаматтық қоғам ұйымдарын сыбайлас-жемқорлыққа қарсы қызметке тартуға, құқықтық сана мен құқықтық мәдениетті қалыптастыруға бөлінеді.

Нормативтік құқықтық актілерді сыбайлас-жемқорлыққа қарсы сараптаудың пәрменді тетігін енгізу, бюджеттік қаражаттың жұмсалуын қоғамдық бақылау жүйесін құру, жеке рұқсат беру міндеттерін азаматтық қоғам институттарына беру, ақшалай қаражаттың қолма-қол айналымын мейлінше көбірек қысқарту бойынша шаралар енгізу, заңға қайшы жолмен ақшалай қаражатты заңдастыруға қарсы іс-әрекет жасау қарастырылған.

ҚР Әділет министрлігі “Мүддес болу туралы” заң жобасын әзірлеп, парламентке ұсынды, онда заң жобаларын мүддестендіру үдерістерін құқықтық реттеу және лауазымды адамдардың өз функционалдық міндеттерін орындаған кезде даудың алдын алу бекітілген.

3.Жеке және заңды тұлғалардың құқығы мен заңды мүдделеріне қатысы бар сұрақтарды шешу процедурасын және кадр жұмысын, мемлекеттік аппарат құрылымын жетілдіру.

Мемлекеттік бағдарламамен мемлекеттік органдар мен кәсіпкерлік субъектілерінің өзара іс-әрекетінің нақты құқықтық тәртіптеу формалары мен механизмдерін жүзеге асыру , сондай-ақ сот шешімдерін қабылдаудың мөлдірлігін және олардың дер кезінде орындалуына ықпал жасау қарастырылған.Заңға сәйкес аталған қағидалар:

-мемлекеттік функцияларды орындауға өкілетті;

Конституциясының 39 бабы 1 тармағына сәйкес шектеу;

-жеке және заңды тұлғалардың бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіру, сыбайлас-жемқорлық құқық бұзушылықтың

зиянды салдарын жою және алдын алу