Сыбайлас жемқорлықтың алдын алуда дөңгелек үстел ұйымдастырылды

Кез келген мемлекеттің дамуы мен өсіп-өркендеуіне парақорлық пен жемқорлық кедергі келтіреді. Сондықтан онымен күресу қоғам үшін маңызды міндет. Елімізде сыбайлас жемқорлық пен парақорлықты азайту мақсатында кешенді шаралар атқарылып келеді. Қазір қоғамдағы ең өзекті мәселенің бірі – сыбайлас жемқорлық. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мемлекеттік органдардың ашық­тығы мен айқындығын қамтамасыз ету бо­йын­ша кешенді жұмысты белсенді жүргізуде. Солардың бірі сыбайлас жемқорлыққа қарсы елдік қозғалысқа айналған «Адалдық алаңы» бағдарламасы танымалдылыққа ие болды. Елбасының тапсырмасы бойынша елордада басталған жоба бүгінде бүкіл елді қамтыды. Бағдарлама тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жоюдың және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті дамытудың жалпыұлттық идеясын ілгерілетудің толыққанды брендіне айналды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыруда  қоғамның әрбір азаматы ерекше  рөл атқарады. Өйткені жұртшылықтың белсенді қатысуынсыз сыбайлас жемқорлықты жою мүмкін емес.

 Әрбір азамат заң талаптарын жақсы білуі керек. Сондай-ақ жан-жақты білімін арттыру аса маңызды.Осы орайда Шымкент қаласы ТЖД мәжіліс залында №4 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлеріне Шымкент қаласы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігі департаментінің бас маманы Жазира Салханқызы Әлжанова, «Смайыл ата» мешітінің бас имамы Ержан Ашабайұлы Ташенов және Өзіндік қауіпсіздік және жеке құрам жөніндегі инспекциясы тобының бас маманы Ерғали Нұрдаулет Қайратұлының қатысуымен қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық қылмыстар және осы тұрғыдағы құқық бұзушылықтарға бой алдыруына жол бермеу және білім деңгейін арттыру, әдептілік ұстанымын жоғарлату мақсатында дөңгелек үстел ұйымдастырылып, өткізілді.

Іс-шара барысында Жазира Салханқызы Агенттік тарапынан атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейту жөніндегі қабылданған заңнамалық өзгерістер туралы түсіндіріп өтті. Сондай-ақ тақырып бойынша қызметкерлердің сұрақтарына жауап берді.