Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу

Сыбайлас жемқорлықпен күресу бүгінгі күннің күрделі мәселесі болып отыр. Сыбайлас жемқорлықпен түбегейлі күресу үшін халықтың құқықтық сауатсыздығын жоятын, құқықты түсіндіру жұмысының сапасын арттыру керек. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заң талабының аясында жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер әр салада жүзеге асырылып келеді.

Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты А.Асқаров атындағы № 77 мектеп- лицейінде 07.11 күні Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2023 жылдарға арналған тұжырымдамасы кеңінен түсіндірілді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шараны жүргізген іс- қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің өкілі Ж.С Әлжанова тұжырымдаманың негізгі бағыттарына тоқтала отырып, онда зардаптармен күрескен сыбайлас жемқорлықтың алғышарттарын жүйелі түрде жоюға жауапкершіліктің бұлттартпастығын қамтамасыз етуге, қоғамдық сананы түбегейлі өзгертуге бағытталғандығын атап өтті.

Сондай-ақ жемқорлыққа қарсы іс- қимылды күшейту жөнінде қабылданған маңызды заңнамалық шаралардан сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында Департаментпен атқарылған жұмыстарды хабардар етті. Іс- шара барысында Ж Әлжанова өңірдегі әлеуметтік маңызы бар мәселелерді негізге алып әзірленген сыбайлас жемқорлық тәуекелдері картасынан хабардар етіп,басты критерий –нәтижелер өңірдің азаматтары мен кәсіпкерлері үшін маңызды және пайдалы болуы екендігін айтып өтті.

Кездесу соңында сыбайлас жемқорлыққа тап болған кез келген азаматқа Департаментке немесе 1424 нөмірі бойынша СаII- орталыққа хабарласу қажеттігі ескертілді. Сыбайлас жемқорлық фактлері бойынша хабарламалары үшін азаматтарды көтермелеуге қатысты толыққанды ақпарат ұсынылды.

Сондай-ақ осы  А.Асқаров атындағы N77 мектеп-лицейінде «Адал ұрпақ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыртастыру мақсатында құқық негіздері пәні мұғалімі Укшебаева Гүлсім 9-10 сынып оқушыларымен сабақтар ұйымдастырды. Сабақтың мақсаты: Оқушыларды рухани адамгершілікке және азаматтық патриоттық рухта тәрбиелеу, оқушылардың саяси құқықтық білімін, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез –құлқын қалыптастыру болып табылады.

Адалдық – адамгершілік парасаттың ең биік шыңы. Ол кез-келген істе, әрекетте, сөзде өзінің пендешілік мүддесінен адамшылық мүддесін жоғары қоя білуді білдіреді. Атам қазақ «Адамдықтың нұры бол, адалдықтың құлы бол» деп, келер ұрпақты ақиқатты ардақ тұтуға шақырады.