Сыбайлас жемқорлық бойынша кездесу өтті

Қазіргі таңда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес — өзекті мәселе. Сыбайлас жемқорлықпен күресте, мемлекет пен азаматтардың өмір сүруінің барлық салаларында сыбайлас жемқорлық пен оның көріністері деңгейін төмендету, қоғамның мемлекетке және оның институттарына деген сенімін нығайту бүгінгі таңдағы басты міндет. Елімізде сыбайластық жемқорлыққа қарсы күресу, алдын алу шаралары заманауи әлеуметтік-экономикалық саясатымен тығыз байланысты жоспарлы түрде қажеттілігіне көз жеткізілді. Осы мақсатта арнайы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы 2015 жылы қабылданды. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заң талабының аясында жемқорлыққа қарсы іс-әрекет әр салада жүзеге асырылуда.

» 10.11.2022 ж Шымкент-Адалдық алаңы жобалық кеңсесінің «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» тобының жоспарына сәйкес, мемлекеттік және квазимемлекеттік сектор қызмет саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңдағы енгізілген өзгертулермен, нормативтік құқықтық актілерді түсіндіру, парасаттылық құндылықтарын дәріптеу мақсатында «Тамақтандыру индустриясы және сервис колледжі» МҚКҚ қызметкерлерімен кездесу өтті.

Спикер: Гүлбақыт Сейсенбекқызы Дулатова — Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жөніндегі сарапшылар пулының мүшесі.

Кездесу барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру, қызметкерлерге студенттер тарапынан пара ұсынылған жағдайда жасалуы тиіс іс-әрекеттер қадамы, әкімшілік жауапкершілік пен айыппұлдар көлемі айтылды. Іс – шараның мақсаты “Сыбайлас — жемқорлық” деген ұғымды түсіндіріп, пайда болу жағдайлары жайлы түсінік қалыптастыру. Өз көзқарастарын білдіріп, дүниетанымдарын кеңейту. Өз ойларын еркін жеткізе білу қабілеттерін дамыту. Өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарау және әділдікке тәрбиелеу. Патриоттық тәрбие қалыптастыру. Кездесуде қатысушылар  өз ойларын айтып жемқорлыққа қатысты сұрақтарына жауап алды.