Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылғы 2 ақпандағы жарлығымен Қазақстан Республикасының 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тұжырымдамасын бекітті. Құжатта ағымдағы жағдайға талдау жасалып, алдағы жылдарда шешілетін міндеттер айқындалған. Тұжырымдама зардаптармен күрестен сыбайлас жемқорлықтың алғышарттарын жүйелі түрде жоюға, жауапкершіліктің бұлтартпастығын қамтамасыз етуге, қоғамдық сананы түбегейлі өзгертуге тұтастай алғанда, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат сыбайлас жемқорлық экономикалық және беделі жағынан тиімсіз болатын жағдайларды жасауға бағытталған.

Шымкент-Адалдық алаңы жобалық кеңсесінің «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» тобының жоспарына сәйкес, мемлекеттік және квазимемлекеттік сектор қызмет саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңдағы енгізілген өзгертулермен, нормативтік құқықтық актілерді түсіндіру, парасаттылық құндылықтарын дәріптеу мақсатында «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағы басқарма төрағасының орынбасары – Кушеров Максат және бөлімнің аға менеджерлері – Оразова Бақтыгул, Кемелхан Диас , Ержанов Жан, сонымен қатар , ТОО «Azala Cotton» шаруашылық – әкімшілік бөлімінің басшысы – Оразбаев Біржан, ТОО «Sagitex Group» директорының орынбасары – Жамаладин Нуртас пен кескіш шебері – Есанов Орзикул, ТОО «Lux Shoes» қауіпсіздік директоры – Эскараев Якыбжан, ТОО «ПК «АГФ Групп» кадр маманы – Сейсенбекова Гулбану, ТОО «Shymkent Qagazy» бухгалтер-кассирі – Бугибаева Гульнара , ТОО « Назар Текстиль» Т/Б инспекторы – Асылбеков Талгат, ТОО «Qagaz Ordasy» директоры – Алимбетов Канат , басқа да қызметкерлерімен кездесу өтті. Кездесудің спикері Гүлбақыт Сейсенбекқызы Дулатова — Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жөніндегі сарапшылар пулының мүшесі елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы пәрменді тетіктерді қалыптастыру бойынша жүйелі шаралар қабылданып жатқандығы, сыбайлас жемқорлықпен күресте, мемлекет пен азаматтардың өмір сүруінің барлық салаларында сыбайлас жемқорлық пен оның көріністері деңгейін төмендету, қоғамның мемлекетке және оның институттарына деген сенімін нығайту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру туралы  айтты. Ал мекеме қызметкерлері өздерін қызықтыратын және мазалайтын сауалдарды қойып, жауап ала алды.