Сынып оқушылармен профилактикалық жұмыс жүргізілді

Қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі – жасөспірімдердің  арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу. Бұл мәселе қазіргі кезде өзекті мәселелердің бірі  болып тұр. Құқықбұзушылық — қоғамға зиян келтіретін және заң бойынша жазаланатын қоғамға қарсы әрекет. Бүгінгі таңдағы жасөспірімдердің бос уақытының шамадан тыс молдығы, олардың арасында бақылаусыздық пен қараусыздықтың болуы, тағы басқа осы сияқты жағдайлар кәмелетке толмағандар қылмыстарының күрт өсуіне негіз болып отыр. Осы ретте кәмелетке толмаған балалар арасындағы және оларға қатысты жасалатын құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында білім ошақтарында түрлі форматта іс шаралар кешені ұйымдастырылып отырады.

Түркістан қаласында  15.09.2022 ж ылы  C.Ерубаев атындағы №7 мектеп- интернатында құқық бұзушылықтың алдын- алу мақсатында жоғарғы сынып оқушылармен профилактикалық жұмыс жүргізілді. Мектепішілік есепте, құқық бұзушылыққа бейім оқушылар  қалалық полиция басқармасының  бөліміне экскурция жасады. қалалық полиция басқармасының  ювеналды полиция тобының инспекторы Е.Асанов, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары  Қ.Арқабаева оқушыларға тәртіпті,тәрбиелі, болашақта елімізге еңбек ететін патриот,Отан қорғайтын жақсы азамат болуларына тілек білдірді. Келешек ұрпақтың осындай құқыққа қайшы әрекеттер жасауға жол бермеу үшін жасөспірімдер мен ата-аналар арасында құқықтық сауаттылықты арттыру керек. Заңды білмеу – құқықтық мәдениеттің елеулі кемшілігі.