Тамыз кеңесі жаңа форматта өтті

Түркістан облысы білім саласы қызметкерлерінің «Әділетті Қазақстан: сапалы білім, адал ұрпақ, табысты ұлт» (Ұлттық құндылықтарға негізделген тәрбие) тақырыбында жаңа форматта республикалық тамыз кеңесі өтті. Дәстүрлі жиында білім беру ұйымдарының атқарылған жұмыстарға талдау жасалынып, жаңа оқу жылына дайындығы пысықталды. Пленарлық отырысқа Түркістан облысы әкімі Дархан Сатыбалды қатысып, педагогтарды жаңа оқу жылымен құттықтады. Түркістан облысында білім саласында жеткен жетістіктермен бөлісті. Сондай-ақ жаңа оқу жылында атқарар ілкімді жоспарларға тоқталды.

– Тамыз кеңесі – ұстаздар арасында дәстүр болып қалыптасқан алқалы жиын ғана емес. Бұл білім беру ісіндегі жеңістеріміз бен кемшіліктерді саралайтын алаң, алдағы міндеттерді талқылайтын маңызды басқосу. Мықтылар бірді, ғалым мыңды жеңеді. Осы ретте өңірде білім сапасын арттыру және оқушыларды ғылымға бағыттау мақсатында бірқатар жұмыстар қолға алынуда. «Білімді ұлт» сапалы білім» ұлттық жобасын іске асыру мақсатында ғылым мен білімге аса мән беруіміз қажет. Мұғалімдер бұдан былай шаруашылықтан босатылады. Бұл дегеніміз алаңсыз білім беруге уақыт болады деген сөз.
Басқарма атауы енді облыстық білім басқармасы болып қайта аталды. Балалар қауіпсіздігі 6 бағытта жүргізіп, мәселені 100% шешу жоспарланған.Қыркүйек айынан бастап колледж студенттерінің шәкіртақысы 27 мыңнан 37 мыңға артып отыр. 2024-2027 жылдары халқы тығыз орналасқан аудан, қалалардан 2 Оқушылар сарайы мен 7 Өнер мектебін салынады. Қадірлі ұстаздар қауымы! Ұрпақ тәрбиесінде, оның сапалы білім алуында сіздердің алар орындарыңыз ерекше. Ертеңгі еліміздің болашағының жарқын болуы біздің бүгінгі адал еңбегімізге байланысты. Жаңа оқу жылының табыстары мен жетістіктері мол болсын, – деді облыс әкімі.

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі тарапынан Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмалары аясында білім саласындағы өзекті 20 тақырыптық бағыт («бір өңір – бір бағыт») бойынша еліміздің әрбір өңірінде республикалық тамыз кеңесін өткізу жоспарланған. Түркістан қаласында өтіп жатқан ауқымды жиынға еліміздің өзге өңірлерінен 400-ге жуық делегат пен білім саласының тәрбие бағытына жауапты мамандар келді.

Тамыз кеңесіне Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің өкілдері, Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүшелері, ҚР Парламенті мен мәслихаттарының депутаттары, Ұлттық құрылтай мүшелері, ҮЕҰ, БАҚ және ата-аналар қоғамдастықтары өкілдері, Білім саласының ардагерлері, салалық кәсіподақ мүшелері, педагогтер, білім мекемелерінің басшылары, Балалар құқығын қорғау аймақтық өкілдері, аудан, қала әкімдері, мемлекеттік органдардың өкілдері, ЖОО ректорлары, ғалымдар қатысты.

Түркістан облысындағы Тамыз кеңесінің негізгі баяндамасы «Ұлттық құндылықтарға негізделген тәрбие: біртұтас тәрбие жұмысының бағдарламасы» тақырыбында өтуде. Бірінші күні панельдік секция жұмыстары мен шеберлік сыныптары өткізілді. Екінші күні пленарлық мәжіліс Астана қаласына тікелей байланысқа қосылу арқылы өткізіледі және ары қарай өңірде жалғасын тапты.

Түркістанда өтетін тамыз кеңесіне келушілер 24 тамыз күні секциялық мәжілістерге қатысты. «Адал азамат – ел тірегі», «Еңбекқорлық – табысқа жетудің бірігей жолы», «Мәдени мұра және тарихи таным» сияқты тақырыптағы секцияларға қатысты. Тәрбие саласының бас-қасында жүрген жауапты мамандар Түркістанда бас қосып, тәжірибе алмасты. Осылайша біліктілікті арттырды. Бүгін, 25 тамыз күні еліміздің барлық өңірлерінде бір уақытта ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтің төрағалығымен Астанадан тікелей қосылысқа шығып, өткен жылды қорытындылай, жаңа 2023-2024 оқу жылындағы жаңалықтар мен оң өзгерістерді мәлімдеді.

Түркістан облысындағы тамыз кеңесінде 6 спикер басты баяндамаларын қорғады. Жиынды Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев жүргізіп отырды. Бүгінгі жиында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі, Тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаментінің директоры Меруерт Медетбекова «Ұлттық құндылықтарға негізделген тәрбие: біртұтас тәрбиежұмысының бағдарламасы» жайында, Қазақстан Республикасы Парламенті мәжілісінің депутаты Қазыбек Иса«Ұрпақ тәрбиесі – ұлттың болашағы” тақырыбында баяндама оқыды. Ал Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, Психология, тәрбие және тұлғаны дамыту орталығының директоры Анар Тәңірбергенова «Ұлттық тәрбие – ұлт болашағы: біртұтас тәрбие және құндылықтар» жайында сөз қозғады.

«Өскелең ұрпақ санасына дүниетанымдық және ұлттық құндылықтарды дарытудың өзекті мәселелері» атты баяндаманы Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы, Абайтанушы Шәкіp Ыбыpaeв таныстырды. Білім-инновация Халықаралық қоғамдық қорының президенті Дархан Өте «Құндылықтарға негізделген білім беру арқылы болашаққа жаңа қадам» бойынша педагогтарға баяндама жасады.