Таукент кентінің жалғызілікті аналары Түркістанда!

Қасиетті құрбан айт мерекесі аясында Таукент кенті әкімі аппаратының ұйымдастыруымен кентіміздің жалғызілікті аналарын қасиетті мекен Түркістан жеріне кентіміздің бір топ кәсіпкер азаматтары (Нұрғиса Мырзабеков, Ерғазы Дәуленбаев, Ерлан Бидаулетов, Айбек Нұржауғанов, Жандос Жомартұлы) демеушілік жасап, тамашалап қайтты. Теріскейден күнгейге қарай бет алып, алдымен Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне табан тіреп, бабамызға құран бағыштады. Аналарымызды кешкі асқа апарып, киелі жердің көрікті жерлерін аралап, жаңа ғимараттармен танысты. Аналарымыз мерекеге орай, көңіл-күйлерін көтеріп, керемет демалыс сыйлаған барлық азаматтарға алғыстарын жаудырып, баталарын берді. Алғыс арқалап, ата-анадан ақ бата алған әр адамның жолы қашанда ашық болары сөзсіз. Аналарымызға бір күн болсын қуаныш сыйлаған демеушілерге үлкен алғыс білдіре отырып, алдағы уақытта осындай игі істер көп болады деген сенімдеміз.