Тағайындау

ҚР Әділет министрлігінің Аппарат басшысы С.Ерсеитованың бұйрығымен Бейсен Бақытжан Смайылұлы Түркістан облысының Әділет департаменті басшысының орынбасары лауазымына тағайындалды. Департамент басшысы Мұхит Бекетұлы Тұрғараев жаңа орынбасарды ұжыммен таныстырып, қызметіне сәттілік тіледі.

Бақытжан Смайылұлы 1986 жылы 13 қазанда Ақтөбе қаласында дүниеге келген. Білімі, жоғары. 2008 жылы Қазақ гуманитарлық заң университетін «Заңтану» мамандығы бойынша бітірген. 2013 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясынан «Заңтану» мамандығы бойынша Заң ғылымдарының магистрі дәрежесі берілген.

Алғашқы еңбек жолын 2009 жылы 13 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысының көлік прокурорының аға көмекшісі болып бастаған. 2010 жылы Ақмола көлік прокурорының көмекшісі, 2013 жылы ҚР Бас көлік прокуратурасында, әрі қарай Нұр-Сұлтан қаласы Алматы ауданы прокурорының көмекшісі, әр жылдары ҚР Президентінің №899 Жарлығымен Ақмола гарнизоны әскери сотының судьясы, 2017 жылы «Қазақстан инжиниринг» Ұлттық компаниясының жанындағы «Қазақстандық авиациялық индустрия» ЖШС-нің құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің заңгері, 2019 жылы «QazQuartet» және «TRUST Service»ЖШС-нің директоры, «Smail Group» ЖШС-нің директоры, 2021 жылы ҚР Әділет министрлігінің Кадр қызметі департаменті бақылау және тәртіп басқармасы бас сарапшысының м.а. ҚР Әділет министрлігінің Кадр қызметі департаменті бақылау және тәртіп басқармасы бас сарапшысы, ҚР Әділет министрлігі Кадр қызметі департаменті бақылау және тәртіп басқармасының басшысы, 2022 жылы Атырау облысы Әділет департаменті басшысының орынбасары қызметтерін атқарған.

2023 жылдың желтоқсан айынан бастап Түркістан облысы Әділет департаменті басшысының орынбасары лауазымына тағайындалды.

Әділет органдары жүйесіндегі нәтижелі қызметі үшін ҚР Әділет министрлігінің Грамотасымен марапатталған.

Бақытжан Смайылұлы жаңа қызметіңізде халыққа барынша сапалы, жоғары деңгейде қызмет көрсете беруіңізге тілектеспіз!

Түркістан облысының Әділет департаменті