Түркістандағы «Қылует» рухани орталығы биыл пайдалануға беріледі

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев кезекті рет құрылыс нысандарын аралар, жұмыс барысымен танысты. Маңызды нысандардың бірі — «Қылует» рухани орталығы.Қазіргі таңда «Қылует» жер асты мешіті мен медресесінің іргетасын қалау жұмыстары жалғасуда. 0,86 гектар аумақта орналасқан мешіттің көлемі 2300 шаршы метр болады. Құрылыс жұмыстары былтыр қазан айында басталған. Биыл жазда ел игілігіне беріледі. Жер асты мешітінің қасынан бой көтеретін медресенің аумағы – 1282,8 шаршы метр. Қарилар мен болашақ дін ғұламаларын даярлайтын бұл медресе де биыл ашылады деп жоспарланып отыр.Өмірзақ Шөкеев рухани орталықтың маңыздылығына тоқталып, жауапты мердігерге жұмысты сапалы атқаруды тапсырды.»Қылует» рухани орталығыжомарт кәсіпкерлер мен жалпы жұртшылықтың қаражатына салынып жатыр. Оған кез келген адам үлес қоса алады.Сонымен бірге www.khiluet.kz арнайы сайты арқылы мәлімет алуға болады.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі