Түркістанда Ресей автокөлігінен есірткі табылды

Төлеби АПБ-ның кезекші бөліміне Төлеби АПБ ЖПҚ ППТ қызметкерлері жолдарды патрульдеу кезінде «Ваз 21013» Ресей автокөлігінен есірткіге ұқсас заттардың анықталғаны туралы хабарлаған. Хабар алысымен төлебилік жедел тергеу тобы оқиға орын алған жерге жетіп, «Ваз» автокөлігін тексереді. Тексеру кезінде автокөліктің жүк салғышынан жапсырғышпен оралған есірткі затына ұқсас зат табылды.Бұл деректі тәртіп сақшылары ҚР ҚК-нің 296-бабы «Есірткі, психотроптық заттармен, олардың аналогтарымен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу» бойынша тіркеді.Полицейлер айғақты зат ретінде алған есірткіге ұқсас затты сараптамаға жолдады. Сараптама қорытындысымен, тәркіленген есірткі шамамен 400 грамм «марихуана» болып шықты. Қазіргі уақытта күдікті ер азаматқа қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері азаматтарға есірткіні заңсыз сақтау және таратумен байланысты қылмыстарды жасағаны үшін, қылмыстық жауапкершілікке тартылатыны туралы ескертеді.

ТО ПД баспасөз қызметі