Түркістан Антикоры 1291 бизнес өкілдерінің құқығын қорғады

Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басшысы Мұрат Төлеубаев баспасөз брифингінде мәлімдеді.
Спикердің мәлімдеуінше, «Бизнеске жол» жобасы шеңберінде жүргізілген мониторингпен 75 ауылшаруашылығы өндірушілерімен 2,4 млрд теңгеге жасалған қарыз шарттарының кредиттік сыйақы мөлшері 16-24% аралығында белгіленгені анықталды.
Антикормен енгізілген ұсынымдар негізінде қаржы ұйымдары сыйақы мөлшері бойынша төлемді 6% төмендетіп, ауылшаруашылығы өндірушілеріне 100 млн теңгеден аса субсидия берілді.
Аталған Жоба аясында 1291 кәсіпкерлік субъектілерінің құқығы қорғалды.
Кәсіпкерлер мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің іс-әрекеттеріне, салықтық әкімшілендіру, жер учаскесіне құқық белгілейтін құжатты ресімдеу, мектепке дейінгі білім беруді қаржыландыру мәселелері және т.б. бойынша жүгінеді.