Түркістан облысының полицейлері аккумулятор ұрлаған күдіктіні ұстады

Сарыағаш АПБ-ға жергілікті тұрғын арызданып,белгісіз тұлға күндізгі уақытта оның көше бойында тұрған «Газель» маркалы автокөлігінің аккумуляторын ұрлап кеткенін айтқан. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркелді. Ақпарат алысымен тәжірибелі полиция қызметкерлерінен құрылған жедел-тергеу тобы автоұрыны ұстауға жұмылдырылды. Тәртіп сақшылары оқиға орнына тез арада жетіп, қылмысты ашуға қажетті барлық шараларды іске асырды. Көрген-білген жандардан жауап алып, сол арадағы бейнебақылау камераларын тексерді. Алынған ақпарат көздері арқылы жедел уәкілдер күдіктінің ізіне түсіп, оны тұрғылықты мекен-жайынан ұстады. Ұсталған ер азамат жергілікті тұрғын болып шықты. Белгілі болғандай, күдікті көліктің терезесін сындырып, аккумуляторды алған. Одан айғақты зат ретінде аккумулятор алынып, заңды иесіне қайтарылды. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Түркістан облысының полицейлері автокөлік иелеріне көліктерін қараусыз қалдырмауды, есігін ашық немесе көлік кілтін қалдырып кетпеуді ескертеді. Автокөлік ішінде құжаттар мен бағалы заттарды тастап кетпеуге, сондай-ақ ақылы автотұраққа қоюға кеңес береді.

ТО ПД баспасөз қызметі