Түркістан облысы жасыл аймақта

Түркістан облысы вакцинация бойынша көш бастап тұр деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Өңірде өз еркімен 13 мыңға жуық адам коронавирусқа қарсы екпе қабылдады. Оның ішінде 10 674 медицина қызметкерлері болса, 1276 педагогтар. Ал, 444 полиция қызметкерлері мен 75 басқада санаттағы азаматтар. Қазір екінші компонентпен 3264 адам вакцина салдырды. COVID-19-ға қарсы вакцинациялау 20 емдеу мекемелерінде жүргізілуде.

Қазіргі уақытта облыста эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Соңғы тәулікте Түркістан облысында 6 адамда COVID-19 індеті расталған. Тәуліктік өсім 0.16% құрайды. Жалпы облыста пандемия белең алғалы 574 400 ПТР- сынамалары алынған. Ал соңғы тәулікте зертханаларда 2758 адам тексерілді. Жұқпалы аурулар ауруханасында барлығы 610 орын бар, олардың 478-і бос.

Аймақта бүгінде жалпы 23429 медицина қызметкері бар. Оның 5000-нан астамы дәрігерлер, қалғандары орта буын мамандары. Ақ халатты жандардың ерен еңбегінің арқасында өңірде қауіпті індетті жұқтырған 4292 науқас толық жазылып шыққан. Жалпы, пандемия басталғалы Covid-19 инфекциясы расталған 4445 жағдай тіркелді. Олардың 2849-да ауру симптомсыз өткен болатын.

Облыстағы мекемелерде 8 оттегі станциясы, 400 ӨЖЖ аппараты, мыңнан аса оттегі аппараты бар. 2 айға жететін дәрі-дәрмек қоры жасақталған, 40-тан астам дәрі қоймасы, 800-дей дәріхана жұмыс істейді.

Туркестанская область в зеленой зоне

Туркестанская область лидирует по вакцинации населения передает пресс-служба акима Туркестанской области.

В регионе против коронавируса добровольно вакцинировались около 13 тыс. человек. Из них 10 674 медицинских работников, 1276 педагогов, 444 сотрудника полиции и 75 граждан других категорий. На сегодняшний день вторым компонентом вакцинировано 3264 человек. Вакцинация против COVID-19 проводится в 20 лечебных учреждениях. В настоящее время эпидемиологическая ситуация в регионе стабильна. За последние сутки в Туркестанской области COVID-19 подтвержден у 6 человек. Суточный прирост составляет 0.16%. В целом, по области с начала пандемии проведено 574 400 ПЦР-тестов. За последние сутки в лабораториях было обследовано 2758 человек. На сегодня в инфекционных больницах из 610 мест — 478 свободны.

Отметим, всего в регионе насчитывается 23429 медицинских работников. Из них более 5000 — врачи, остальные — специалисты среднего звена. Благодаря самоотверженному труду людей в белых халатах в регионе полностью выздоровели 4292 больных, заболевших коронавирусной инфекцией. С начала пандемии зарегистрировано 4445 подтвержденных случаев заражения Covid-19. У 2849 из них заболевание протекало бессимптомно. В медучреждениях области имеется 8 кислородных станций, 400 аппаратов ИВЛ и более тысячи кислородных аппаратов. Кроме того, сформирован 2-х месячный запас медикаментов, функционирует более 40 медицинских складов и около 800 аптек.