Түркістан облысы Полиция департаментінің қызметкерлері «Мирас» университеті студенттерімен кездесті

300-ден астам студент қатысқан бұл кездесу «Құқық бұзушылық және қылмыс, интернет қауіпсіздігі мен кибербуллинг, алаяқтық, лудомания, нашақорлықтың алдын-алу, зорлық-зомбылық, суицид және ерте жүктіліктің алдын-алу» тақырыбында өтті.

Яғни «Мирас» университетінің құқықтану мен экономика факультетінде оқитын жастарға Түркістан облысы Полиция департаментінің өкілі полиция подполковнигі Сәбит Бақытұлы Бақтығалиев 2 тілде лекция өткізді. Сала мамандарымен бірлесіп ұйымдастырылған бұл кездесудің мақсаты – жастардың адам тәрбиесі мен қоғам тәрбиесіне байланысты көзқарастарын дұрыс қалыптастыра отырып, болашақта ұрпақ қамын, ұлт тағдырын ойлайтын қоғамның мүшесі болуына жағдай жасау.

Кездесу барысында оқу орнының ұстаздары мен студенттері өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, оларға нақты жауаптар алды.