Түркістан облысы төтенше жағдайлар департаментінің жаңа бастығы тағайындалды

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығымен Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы болып полковник Төлешев Асқар Дәулетбайұлы тағайындалды. Ол бұрын Ақтөбе облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары қызметін атқарған.

Ұжымға жаңа басшыны Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министрі генерал-майор Бауыржан Сыздықов таныстырды. Вице-министр Асқар Төлешевті жаңа лауазымға тағайындалуымен құттықтап, облыс тұрғындарының қауіпсіздік мәдениетін арттыру бойынша жұмыстарды күшейтуді тапсырды.

Жиында Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды жаңа басшыға маңызды міндеттер жүктеліп отырғанын айта келе, жұмысына сәттілік тіледі.

Төлешев Асқар Дәулетбайұлы 1975 жылы Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласында дүниеге келген. 1996 жылы Өзбекстан Республикасы ІІМ Ташкент жоғары өрт-техникалық мектебін бітірген. Білімі бойынша мамандығы – «Өрт қауіпсіздігі».

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі