Түркістан қаласының мәселелері талқыланды

5 мамыр 2023 жылы Түркістан қаласы әкімдігінің мәжіліс залында қоғамдық кеңес төрағасы М.Атанбаев, кеңес мүшелері, әкім орынбасары Т.Төлегенов, қалалық депутаттар, сектор басшылары мен қала аумағындағы жауакершілігі шектеулі серіктестік, коммуналдық мемлекеттік мекеме  басшыларының қатысуымен кезекті бірлескен жиналысы өтті.

Жиналысқа арқау болған бюджетке өзгерістер енгізу мәселесімен қатар Түркістан қаласының көркеюі, оның турісттік және мәдени-рухани маңызы, қаладағы жүргізілген жұмыстар және алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар мен олардың нәтижелі орындалуы талқыланды. Көтерілген мәселелер бойынша бірқатар ұсыныстар айтылды. Жиын соңында күн тәртібіндегі мәселелерді шешу үшін тиісті мекемелерге ұсыныстар берілді.