Тұңғыш Президент күні мерекесіне орай Түркістан облысының 40-тан астам полицейі марапатталды

Бүгін, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай Түркістан облысы Полиция департаментінің мәжіліс залында салтанатты жиын өтті. Жиында полицейлерге ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың өмірі мен қызметі туралы баяндайтын «Елбасы жолы» деректі фильмі көрсетілді. Мерекелік жиында алғашқы сөзді алған Түркістан облысы ПД-нің бастығы полиция генерал-майоры Қайрат Дәлбеков: «Тұңғыш Президентіміздің еліміздің өсіп-өркендеуі жолында аянбай тер төккен қызметі қашанда халық жадында. Елбасымыз өз сөзінде: «Құқық қорғау органдарының жұмысына өзгерістер енгізу қажет. Өмір сапасы қауіпсіздікпен тікелей байланысты. Қылмыспен күрескенде ішкі істер органдарының қызметкерлері алдыңғы шепте жүреді және өмірлерін қатерге тігеді…» деп тәртіп сақшыларының жұмысын бағалады. Сондықтан Тұңғыш Президентіміздің тапсырмасымен күннен күнге қылмысты азайту мен болдырмау жолында қызмет етіп келеміз. Алдағы уақытта бұдан да жоғары көрсеткіштерді көрсету үшін әрбіріңізге артылған сенімге селкеу түспеуі керек. Киелі өңірдің тәртіп сақшысы екенімізді үнемі сезініп, соған лайық, адал әрі жауапты болайық! Әрқашан бейбіт күнде бірлікте өмір сүре берейік!» — деп мерекемен құттықтай отырып, өздерінің қызметтерін адал атқарған бірқатар тәртіп сақшыларына тиесілі марапаттарын ұсынды. Атап айтсақ, ҚР Ішкі істер министрінің Құрмет Грамотасымен Анықтау басқармасының бастығы полиция подполковнигі Мұрат Ермеков, «Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін» медалімен Қаржымен қамтамасыз ету басқармасының бастығы полиция майоры Меруерт Әбдіқадырқызы, Штаб басқармасының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы полиция подполковнигі Қасымхан Жакипов, Арыс АПБ учаскелік полиция инспекторы полиция майоры Рахымжан Шекербеков, Отырар АПБ ювеналдық полиция тобының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторы полиция капитаны Арман Орымбай марапатталды. ІІ дәрежелі «Ішкі істер органдарының үздігі» омырау белгісін Отырар АПБ бастығының орынбасары полиция майоры Ердәулет Амантаев, Қазақстан Республикасы ІІМ-нің Грамотасын Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы полиция полковнигі Сәкен Қожамұратов, Созақ АПБ кезекші бөлімшесінің бастығы полиция капитаны Ермахан Бимахановтар иеленді. Сонымен қатар ҚР ІІМ Алғыс хаты полиция подполковнигі Мәди Қожамұратов, полиция майоры Эльдор Зайнутдинов, полиция майоры Нұрлан Әбдиев, полиция майоры Әлімжан Ерсариев, полиция капитаны Бексар Жолбарысов, полиция майоры Тимур Арипов, полиция майоры Амангелді Ибраймов, полиция майоры Нұрсұлтан Көлбаевтар мен 14 қызметкерге берілді. Ал Түркістан облысы Полиция департаментінің Грамотасымен полиция аға лейтенанты Шыңғыс Сәрсеков, ТО ПД-нің Алғыс хатымен полиция лейтенанты Айнұр Ақжігітова, полиция лейтенанты Төребек Молдаш пен 8 қызметкерге алғыс жарияланды. Осылайша еліміздің әнұраны шырқалған маңызды мерекеде соңында Түркістан облысы ПД-нің полиция қызметкерлері қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жұмыстарын одан әрі жандандыруға уәделерін берді.

ТО ПД баспасөз қызметі