Басқарма басшысының орынбасары тағайындалды

Шымкент қаласы Білім басқармасының басшысы Нұргүл Шәмшиеваның бұйрығымен Дәрібаева Гүлнәр Тұрдыбайқызы басқарма басшысының орынбасары болып тағайындалды.

Гүлнәр Тұрдыбайқызы 1982 жылы Түркістан облысы, Сарыағаш ауданында дүниеге келген. 2003 жылы Халықаралық Қазақ-Араб университетін «Ағылшын тілі» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2002 жылы № 50 А.Байтұрсынов атындағы мектеп-гимназияның ағылшын тілі пәні мұғалімі болып бастаған.

2006-2012 жылдары Шымкент қаласының білім бөлімі ғылыми-әдістемелік орталығының әдіскері;

2012-2017 жылы Шымкент қаласының білім бөлімі ұйымдастыру-кадрлық жұмыстары секторының бас маманы;

2017-2018 жылдары — Шымкент қаласының білім бөлімі МК жалпы орта білім беруді және тәрбие жұмысын дамыту секторының меңгерушісі;

2018-2022 жылдары — Шымкент қаласының білім басқармасы орта білім беруді және тәрбие жұмысын дамыту, қосымша білім беру бөлімінің бөлім басшысы қызметін атқарды.