Тұрғындардың ұсыныс-пікірлері басты назарда!

Шымкент қаласында кәріз жүйесінің құрылысы жүріп жатқан “Ұлағат” шағынауданының тұрғындарымен Еңбекші ауданының әкімі Есілбек Досбол Күздікбайұлы кездесті. Кездесуге «Уақыт талабы» газетінің бас редакторы Жібек Жайлыбаева және Шымкент қаласының энергетика және инфрақұрылымды дамыту, Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының жауапты мамандары, мердігер мекеме “ӘлемСтрой-1” ЖШС-нің өкілдері қатысып, тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін тыңдады. Тұрғындар тарапынан көтерілген кәріз жүйесінің құрылысы, табиғи газ жүйесін жаңарту мен көшелерді жарықтандыру, асфальттау мәселелері бойынша салаға жауапты мамандарға заң аясында жұмыс атқару тапсырылыр, жұмыс барысы баяндалды. Тұрғындар көкейінде жүрген сұрақтарына жауаптар алып, атқарылып отырған жұмыстар туралы ақпарат алды. Ауданда инфрақұрылыммен қамту жұмыстары Шымкент қаласының 2021-2025жж. арналған даму бағдарламасына сәйкес іске асырылып келеді.