Түркістан облысы Жетісай ауданы полиция бөлімінде тәжірибелі тәртіп сақшылары марапатталды

Жетісай АПБ-нің мәжіліс залында игі іс-шара ұйымдастырылды. Онда бірқатар полиция қызметкерлерінің жұмысы лайықты бағаланып, еңбек атқарған мерзіміне қарай арнайы медальдармен наградталып, алғыс хаттар табыс етілді. Шара барысында «Ішкі істер органдарын мінсіз қызметі үшін» I- дәрежелі ІІО-ның ардагері медалімен 25 жыл адал еңбек атқарған аудандық полиция бөлімінің бастығы полиция полковнигі Ермахан Абдраманов және ЖПҚ УПИ полиция подполковниктері Талғат Архабаев пен Ералы Бекеновтер марапатталды. Ал патрульдік полиция тобының инспекторы полиция аға лейтенанты Арман Жанұзақов 10 жылдық мерзімі үшін ІІІ-ші дәрежелі, оған қоса 15 жылдық мерзіміне ІІ-ші дәрежелі екі бірдей медальмен наградталды.Сонымен қатар полиция полковнигі Е.Абдрамановқа қызмет барысында жоғары жетістіктерге қол жеткізгені үшін ТО ПД-нің бастығы полиция генерал-майоры Қайрат Дәлбековтың атынан арнайы «Грамота» табысталды. Марапатқа ие болған полиция қызметкерлерінің атқарған адал қызметі мен ерлік істері үшін алғыайта отырып, алдағы қызметтік жолдарына толағай табыстар тілейміз. Ел үшін жасалған еңбек ешқашан елеусіз қалмайды!

ТО ПД-нің баспасөз қызметі