Тәуелсіздік күні қарсаңында марапаттар тапсырылды

«Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі Шымкент қалалық филиалының төрағасы Әуесханов Серік Елемесұлы Шымкент қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының қызметкерлерімен кездесіп, оларды «16 желтоқсан — Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні» мерекесімен құттықтап, басқарманың бірқатар кәсіподақ мүшелеріне филиалдың наградаларын тапсырды. Атап айтқанда, «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының «Құрмет грамотасымен» Шымкент қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бюджеттік инвестициялық саясатты және мемлекеттік жекешілік әріптестікті дамыту бөлімінің басшысы Жусипов Құдырет Райсұлы, Шымкент қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының, әлеуметтік-экономикалық жоспарлау бөлімінің басшысы Әбілдаева Элмира Әлімбайқызы, Шымкент қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының кірістер және бюджетті жоспарлау, мониторингілеу бөлімінің бас маманы Дехкамбаева Елена Владимировна және «Алғыс хатпен» Шымкент қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының тапсырмалардың орындалуын бақылау жөніндегі инспекторы Ермаханова Әйгерім Берікқызы, Шымкент қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының білім және мәдениет салаларын жоспарлау бөлімінің бас маманы Серікбай Қыдырәлі Батырбекұлы, Шымкент қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының кірістер және бюджетті жоспарлау, моноторингілеу бөлімінің статистигі Сәмен Айжан Оразбайқызы марапатталды.

Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығының баспасөз қызметі