Цифрлық Қазақстан жетістігі

Мемлекеттегі цифрландыру деңгейі азаматтардың өмір сүру деңгейін жақсартуда. Қазір үйден шықпай ақ, бұрын сағаттап кезек күткен мәселелерді көзді ашып-жұмғанша шешуге болады. Мұның барлығы «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасының жемісі. Осыған байланысты, цифрлық жүйе мен сауаттылықты дамыту барлық қоғамдар үшін өзекті мәселелердің біріне айналды. Аталмыш бағдарлама аясында Түркістан облысында қандай жұмыстар атқарылуда? Денсаулық сақтау жүйесінде қандай өзгерістер орын алды? Толығырақ тарқатайық…

Облыста барлығы 737 денсаулық сақтау нысаны жұмыс істейді. Облыста денсаулық сақтау саласын цифрландыру 4 бағытта жүзеге асырылады:

  1. Сауықтыру және алдын алу
  2. Ауруды ерте анықтау
  3. Медициналық көмек көрсету
  4. Ауруды басқару және оңалту

Денсаулық сақтау нысандарының инфрақұрылымын қамтамасыз ету

Компьютерлік техникамен қамтылуы 100% құрайды.

Түркістан облысында 38 медициналық ұйым медициналық ақпараттық жүйеге қосылған, яғни 100% қамтылған.

Қағазсыз құжат айналымы

38 медициналық ұйымынан 38 (100%) медициналық ұйым ішінара қағазсыз құжат айналымына ауыстырылды.

121 медициналық нысаннан 121 (100%) медициналық нысан электрондық нұсқаға көшірілді.

Сауықтыру және алдын алу

Әр емханада мобильді қосымшаларды пайдалану бойынша түсіндіру үшін пациенттерге цифрлық көмек көрсету посттары бар Қазіргі таңда бейінді мамандарға 11 жолдама бойынша қабылдау уақыты 4-5 күнге дейін қысқарды, бұрын 1-2 апта болатын.

Ауруларды ерте анықтау

Дәрігердің қабылдауына алдын ала жазылу бойынша қазіргі уақытта 76,4% электронды түрге жеткізілді.

Медициналық көмек көрсету

Түркістан облысы бойынша 1 798 660 (100%) электрондық денсаулық паспорттары жасақталды. 4525 дәрігер немесе 100% және 14 695 орта буынды қызметкерлер немесе 100% медициналық ақпараттық жүйеге оқытылған.

Анықтама ретінде: Бүгінгі таңда 64 258 еңбекке жарамсыздық парағы МАЖ арқылы берілді Облыстық денсаулық сақтау басқармасының базасында – Ситуациялық орталық ашылды.
Күтілетін нәтижелер: Науқастың емханаға келуі 9-ден — 2-ге дейін қысқарды; Кезектің уақыты 30 минуттан 15 минутқа дейін қысқарды; Дәрігердің қабылдау уақыты және зерттеулер уақытының 2 есе қысқаруы; Дәрігердің қабылдау уақыты 50% дейін қысқаруы; Үйден
шықпай зерттеулердің нәтижесін көру, дәрігерлерден кеңес алу; Еңбекке жарамсыздық парақтарын және аңықтамаларды электрондық нұсқаға ауыстыру арқылы сыбайлас жемқорлықты тоқтату; Барлық ақпарат онлайн режимде; Денсаулық сақтау қызметтеріне сенімнің артуы 2018 жылы – 50%; Жылына медициналық қағаз құжаттамаға кететін қағаздың шамамен 1 тоннасы үнемделеді: Кеңсе тауарларына кететін шығындарды оңтайландыру, шамамен соңғы 3 айда 15 млн теңге.

Ntime.kz