9 млн-нан астам мемлекеттік қызмет көрсетілді

Бүгінде Түркістан облысында жергілікті атқарушы орган тұрғындарға 175 мемлекеттік қызмет көрсетуде. Жалпы күні бүгінге дейін 9 322 661 қызмет көрсетілген. Атап айтсақ:

— баламалы негізде қағаз түрінде көрсетілгендер саны — 598 100;
— қағаз түрінде көрсетілгендер саны – 826;
— электронды түрде – 8 723 735 көрсетілді.

Сонымен қатар, қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында мемлекеттік органдармен – 84 түрлі семинар кеңестер өткізілді. Ал халық арасында 6 519 рет түсіндірме жұмыстары жүргізілген. Бұл өз кезегінде мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттырады. 175 көрсетілетін мемлекеттік қызмет ішінде 157 (90%) автоматтандырылған қызметтер.

Ntime.kz