Шардара ауданында күріш өсіру ісіне ерекше көңіл бөлінбек

Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев Шардара ауданына жұмыс сапарымен барып, тыныс — тіршілігімен танысты деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Өңірдегі маңызды жобалардың бірі — Жаушықұм алқабын суландыру. Шаруалармен кездескен облыс басшысы облыста аумағында жаңадан айналымға қосылатын суармалы жерлердің арттыруына аса мән берілетінін айтты. Аймақ басшысы Жаушықұм массивіндегі 12 мың гектардан астам алаңдағы су таратқыш және сорғы станциясын қайта құру жобасын пысықтады. Суармалы жердің қосылуы нәтижесінде 2,5 мың га жерге көкөніс, 2 мыңдай гектарға картоп, 3 мың гектардан астам жерге бақша, мың гектардан астам алқапқа сүрлемдік жүгері, 3 мың га аса жерге жоңышқа егіліп, жыл сайын 11 млрд . теңгеге 523 мың тонна көлемінде азық — түлік және мал азықтық өнімдері өндірілетін болады. Сонымен қатар 12500 адамға тұрақты жұмыс орындары ашылады. Аталған мәселе министрлік тарапынан қолдауды қажет етеді.

«Мемлекеттік бағдарламалар арқылы ауыл-аймақтың әлеуеті арта түсуде. Түркістан облысы аграрлық аймақ саналатындықтан және ауыл шаруашылығының болашағы жердің сапасы мен құнарлығына тікелей байланысты болғандықтан, аталған мәселені шешу маңызды», — деді облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев.

Облыс әкімімен кездескен ауыл диқандары екі айда пісетін қарбыз бен болгар бұрышын еккен. Шаруалар 1 гектардан 1,5 млн теңгеге дейін табыс табатындарын айтты. Соңғы жылдары ауданда күріш өсіру мықтап қолға алынған.

Облыс басшысы 40 жылдан астам уақыт бұрын қабырғасы қаланған «Шардара» мектеп — лицейін аралады. 6 мың шаршы метрге жуық жерде орналасқан білім ұясы күрделі жөндеуді қажет етеді. Ол үшін 350 миллион теңгеден астам қаражат қажет. Мектепте 1500 ден астам жуық оқушы оқиды. Білім ұясын аралап шыққан облыс басшысы мәселені мақұлдады.

Өмірзақ Шөкеев Шардара қаласындағы жедел жәрдем станциясы бар, ауысымында 150 келушіге арналған аудандық емханаға жапсарлас салу ғимаратының құрылысымен танысты.

Облыстық бюджеттен қаржыландырылған құрылыстың

сметалық құны — 1 млрд 715 млн теңгеден асады. Созбалаңға салынған істі сынға алған Өмірзақ Естайұлы жауаптыларға жұмысты ширатуды тапсырды.

Облыс басшысына сондай-ақ, Шардара қаласының Абай, Қызылжар шағынаудандарын кварталішілік газ жүйелерінің құрылысы бойынша баяндалды. Жобаның сметалық құны — 767 млн теңгеден асады. Республикалық бюджеттен биыл 300 млн қаржы қаралған. Жоба бойынша шағынаудандардағы 8 мыңға жуық тұрғын газбен қамтылады.

Лучший рис выращивают в Шардаринском районе

Аким Туркестанской области Умирзак Шукеев посетил с рабочей поездкой Шардаринский район. Глава региона ознакомился с рядом проектов передает пресс-служба акима Туркестанской области.

Один из них – орошение Жаушыкумской долины.

Во время встречи с крестьянами он отметил, что в области особое внимание уделяют увеличению площади орошаемых земель. Глава региона ознакомился с проектом реконструкции водораспределительной и насосной станции на площади более 12 тыс. га в Жаушыкумской долине.

В результате ввода орошаемых земель, засеяв 2,5 тыс. га овощами, около 2 тыс. га картофелем, свыше 3 тыс. га бахчевыми культурами, более 1 тыс. га кукурузой, свыше 3 тыс. га люцерной можно будет ежегодно​ выращивать 523 тыс. тонн продовольственной и кормовой продукции на сумму 11 млрд. тенге. Кроме того, будет создано 12500 постоянных рабочих мест. Данный проект в настоящее время требует поддержки со стороны министерства.

«Через государственные программы растет потенциал сельского региона. Поскольку Туркестанская область является аграрным регионом, и будущее сельского хозяйства напрямую зависит от качества и плодородия земель, нам важно решить эту проблему», — подчеркнул Умирзак Шукеев.

В ходе встречи с главой области местные аграрии рассказали, что уже засеяли посевные площади семенами​ арбуза и болгарского перца, которые созревают в течение двух месяцев. Крестьяне отметили, что зарабатывают до 1,5 млн. тенге с одного гектара. Также в последние годы в районе активно занимаются выращиванием риса.

Вместе с тем, Умирзак Естаевич посетил школу-лицей «Шардара», которая была основана более 40 лет назад. Образовательное учреждение, расположенное на площади около 6 тыс. кв. метров, нуждается в капитальном ремонте. Для этого необходимо более 350 млн. тенге. В настоящее время в школе обучается более 1500 детей. Осмотрев здание, глава региона пообещал решить этот вопрос положительно.

В тоже время, Умирзак Шукеев ознакомился со строительством пристройки к районной поликлинике на 150 посещений в смену со станцией скорой помощи в городе Шардара. Сметная стоимость строительства, финансируемая из областного бюджета, составляет более 1 млрд. 715 млн. тенге. Глава региона поручил ответственным лицам ускорить работу.

Также акиму области также доложили о ходе строительства внутриквартальных газовых сетей в микрорайонах Абай, Кызылжар в городе Шардара. Сметная стоимость проекта — более 767 млн тенге. Из республиканского бюджета в этом году было выделено 300 млн. тенге. Согласно проекту, природным газом будет охвачено около 8 тыс. жителей микрорайонов.