Шу қаласында ірі көлемде есірткі затын тәркіледі

Жамбылдық полицейлер  Шу қаласында ірі  көлемде есірткі затын  тәркіледі деп хабарлайды Жамбыл облысы ПД баспасөз қызметі

Ағымдағы жылдың 10 наурызында Жамбыл облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Шу қаласында жедел-іздестіру іс-шараларын өткізді.

Жедел-іздестіру іс-шаралары  барысында 31 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды, тінту кезінде жеке тұрғын үй аумағынан жалпы салмағы 3 жарым келіден  асатын «кептірілген марихуана» есірткі заты табылып, тәркіленді.

Ұсталған ер адам  кінәсін мойындап, Шу қалалық  полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабы 4-бөлігі (аса ірі мөлшерде есірткі заттарын заңсыз сақтау) бойынша сотқа дейінгі тергеу  амалдары басталды. Осыған байланысты 3 жылдан  7 жылға дейінгі мерзімге  бас бостандығынан айыру  жазасы көзделген

В Шу Жамбылские полицейские изъяли наркотики с крупным весом

10 марта текущего года сотрудники Управления по противодействию наркопреступности Департамента полиции Жамбылской области в городе Шу провели оперативно-розыскные мероприятия передает пресс-служба ДП Жамбылской области.

В ходе ОРМ был задержан 31-летний местный житель, у которого во время обыска на территории личного жилья обнаружено и изъято наркотическое средство «марихуана высушенная» общим весом более 3-х с половиной килограмм. 

Задержанный мужчина дал признательные показания и водворен в Изолятор временного содержания отдела полиции города Шу. Начато досудебное расследование по ст.296 ч.4 Уголовного Кодекса Республики Казахстан (Незаконное хранение  наркотических средств в особо крупном размере. Наказывается лишением свободы от 3-х до 7-лет).